294
Қарағанды шахтасында улы газ тараған
Қарағанды шахтасында улы газ тараған
Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде оқыс оқиға болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін 31 тамызда таңғы сағат 4-тер шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында кенет метан газы тараған. Шахтада бастапқы мәлімет бойынша 136 адам болған. Ал апатты учаскеде алдын ала дерекке сәйкес 4 адам қалған. Қазіргі уақыттағы қолда бар дерек бойынша шахта қызметкерлері тіршілік белгісі жоқ 3 адамды тапқан», - делінген хабарламада.
Қазір ҚР ИДМ Индустриальдық дамы және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеуде.