Жаркент маңында құлаған ұшақ апатының болжамдары айтылды

Жаркент маңында құлаған ұшақ апатының болжамдары айтылды

Жаркент маңында құлаған ұшақ апатының болжамдары айтылды
ашық дереккөзі
307
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік оқиғалары және оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің дерегі бойынша комиссия Алматы облысындағы Як-12М ұшағының авиациялық апатына байланысты алдын ала болжамын жария етті. «Жүгері алаңын улы химикатпен дәрілеп болғаннан кейін әуе кемесі Шолақай елді мекенінің үстімен ұшып өткен. Солға қарай бұрылу кезінде ұшақты басқару қиындап, бірден ұшу жоғарылығы мен жылдамдығын жоғалта бастаған. Соның салдарынан ұшақ жерге құлаған. Оң жақ жанармай багы жарылып, ұшақтың қызып тұрған қозғалтқышына тигендіктен от тұтанып, ұшақтың алдыңғы бөлігі өртенген. Өрттен ұшақтың алдыңғы бөлігі мен ұшқыш кабинасы толық жанып кетті. Тек фюзеляждың кил мен стабилизаторы бар артқы бөлігі ғана қалды. Ұшқыш пен қызметтік жолаушы қаза тапқан», - делінген хабарламада. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 шілдеде жергілікті уақытпен 9 сағат 05 минутта Алматы облысының Панфилов ауданына қарасты Шолақай елді мекенінде авиациялық-химиялық жұмыс жүргізіп болғаннан кейін солға қарай бұруды орындау кезінде тіркеу нөмірі UP-LA127 Як-12М ұшағы апатқа ұшыраған болатын. «Ұсақ көбелектерге қарсы авиациялық-химиялық дәрі себу қызметі» шаруа қожалығымен жасалған келісімге сәйкес атқарылған. Ұшу тапсырыс бойынша орындалған және жергілікті ішкі істер органымен келісілген. Ұшақты басқарушы ұшқыштың аталмыш әуе кемесін басқаруғы және авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге құқығы болған. Сондай-ақ, бұл ауданда қауіпті желдің соғуы байқалмаған және болжанбаған. Әуе кемесінде параметрлік және дыбыстық жазғыштар жоқ. 2017 жылдың 21 тамызынан бері Халықаралық авиация комитетінің сарапшылары және «Шахтинск авиациялық - жөндеу зауыты» (Ростов облысы) ЖАҚ өкілдері Як-12М ұшағының қозғалтқышына зерттеу жүргізіп, апаттың себебін анықтау жөнінде кездесулер өткізуде. Ұшақтың қозғалтқышы 2012 жылы жоғарыда көрсетілген зауытта жөндеуден өткен. Соңғы жөндеуден өткеннен кейін ұшақ 397 сағат 55 минут ұшқан.  

Серіктес жаңалықтары