Қырғызстандағы жалғыз оппозициялық телеарна жабылды

Қырғызстандағы жалғыз оппозициялық телеарна жабылды

Қырғызстандағы жалғыз оппозициялық телеарна жабылды
ашық дереккөзі
227
Қырғызстан соты елдегі жалғыз оппозициялық телеарнаны жауып тастады. Бішкек қаласының Первомай аудандық соты «Сентябрь» оппозициялық телеарнасының журналистерін тамыздың 22-сі күні сағат 14:00-де Қырғызстан бас прокуратурасының өтініші бойынша басталған сот отырысына шақырған. «Сентярбрь» арнасының ресми өкілі Қайыргүл Үрүмқанованың айтуынша, сот қызметкерлері телеарнаға тікелей эфирде көрермендерді қабылдайтын телефон нөміріне хабарласып, сот отырысына шақырған. Сот процессі қорғаушысыз, телеарна басшысынсыз өткен. Қырғызстан бас прокуратурасының таратқан мәліметі бойынша, «Сентябрь» телеарнасына байланысты қылмыстық іс арна басшылығы эфирден "экстремистік бағыттағы материалдарды насихаттағаннан" кейін барып қозғалған. Атап айтқанда қылмыстық іс қозғауға 2015 жылы Ош облысының Ішкі істер департаментінің экс-басшысы Әбділда Қапаровтың «Сентябрь» телеарнасының тікелей эфирінде Ош облысының экс-губернаторы, экс-премьер-министр, Қырғызстан президенттігіне үміткер Сооронбай Жээнбеков пен Қырғыз парламентінің экс-спикері Асылбек Жээнбековты Ош оқиғасынанан кейін елді-мекенді қалпына келтіруге байланысты бөлінген қаржыны жымқырды деген айыптауы себеп болған.  

Серіктес жаңалықтары