314
Жаңа оқу жылында жаңа мектептер қолданысқа берілді
Жаңа оқу жылында жаңа мектептер қолданысқа берілді
Биылғы жаңа оқу жылында жаңа мектеп ғимараттары қолданысқа берілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Тэдэкс форматында өткен ұстаздардың тамыз конференциясында мәлімдеді.
Статистикаға үңілсек, биыл 380 мың бала мектеп табалдырығын аттайды. Олар 100% оқулықпен қамтылады.
«Кітаптар оқу орындарына уақытылы жеткізіледі», – деді министр. Сондай-ақ Сағадиев білім беру жүйесінде айтарлықтай өзгеріс болмайтынын тілге тиек етті. Биыл сала мамандары оқыту сапасын арттыруға басымдық бермек. Қазір 3 тілде білім беру бағдарламасына дайындық қарқынды жүріп жатыр. 1 жарым мың ұстаз арнайы курстан өтті. Ал мектеп қабырғасындағы тәртіпті қадағалау мақсатында қамқоршылық кеңестері құрылады. Болашақта оның мүшелері оқу ордасының басшысын тағайындауға да қатысуы мүмкін.
Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
– Биыл 48 мектептің құрылысы аяқталды. Оқу басталмас бұрын жаңа нысандар қолданысқа беріледі. Ал жыл соңына дейін тағы 18 білім ордасы салынып бітеді деген жоспарымыз бар.