Иран ядролық зымыран бағдарламасын жалғастырмақ

Иран ядролық зымыран бағдарламасын жалғастырмақ

Иран ядролық зымыран бағдарламасын жалғастырмақ
ашық дереккөзі
221
Жуырда ғана Иран АҚШ санкцияларды қысқартпаса, ядролық зымыран бағдарламасын жалғастыратынын жариялаған болатын. Хасан Роухани ресми мәлімдемесінде жаңа санкциялар қарастырса, Иранның қарап отырмайтыны айтылған еді. Енді, міне Иран Қорғаныс министрлігі мемлекетке қаратылған санкцияларға қарамастан, ядролық зымыран бағдарламаларын үздіксіз жалғастыратынын жеткізді. Бұл туралы Иран Қорғаныс министрі өзінің мәлімдемесінде айтып өтті. Бұл туралы qazaqtimes «Анатолы» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып жазды. Иран Қорғаныс министрлігінің басшысы Амир Хатами жаңа үкіметтің алғашқы кабинет жиналысы аяқталу алдында, Қорғаныс саласының алдағы жоспарлары мен стратегиялық бағыттары туралы жасаған мәлімдемесінде, Иранға бағытталған санкцияларға қарамастан, ядролық зымыран бағдарламасын үздіксіз жалғастыратынын мәлім етті. «Иранның зымыран бағдарламаларын тоқтатуға бағытталатын қандай да бір кедергілерге, санкциялар да біздің зымыран бағдарламаларын дамытуға тұсау бола алмайды», – деді Хатами. Ол және: «Иранның зымыран бағдарламасы бекітілген бағдарлама негізінде жалғасын табатын болады. Ядролық зымыран бағдарламасы тоқтаусыз жалғасады», – деп кесімді сөзін айтты ол. Бұл Иран жақтың осыдан бұрын АҚШ-тың Иранға жасаған санкция шешіміне берген жауабы деуге болады.  

Серіктес жаңалықтары