270
Қырғызстанға берілетін көмектің алғашқы траншы жіберілді
Қырғызстанға берілетін көмектің алғашқы траншы жіберілді
41 млн АҚШ доллары көлеміндегі алғашқы транш Қырғызстанның кеден, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және карантин қызметтерін жетілдіруге жіберілді.
Биылғы жылдың 22 тамызы күні Шолпан Ата қаласындағы «Ыстықкөл - 2017» экономикалық форумы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Қырғыз Республикасының Вице-Премьер-министрі Олег Панкратовтың қатысуымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында техникалық жәрдем шараларының тізіміне Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Қанат Байеділов және Қырғыз Республикасы экономика министрінің орынбасары Алмаз Сазбақов қол қойды.
2016 жылдың желтоқсан айында қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы еуразиялық экономикалық бірігу жағдайындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуы жөніндегі келісімдер аясында Қазақстан 100 млн АҚШ долларын бөледі. Бүгін қол қойылған егжей-тегжейлі тізімге сәйкес, алғашқы транштың құны 41 млн АҚШ долларын құрайды. Қырғызстан және Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Қырғыз Республикасының тек ветеринарлық және карантинді қызметтерін жабдықтау және жетілдіруге Қазақстаннан 22 млн АҚШ доллары көлеміндегі техникалық көмек бөлінеді.
Көрсетілген жәрдем Қырғыз Республикасының қысқа мерзім ішінде ел экономикасын ЕАЭО талаптарына бейімдеуіне мүмкіндік береді.