Көкшетауда жол ақысы қымбаттады

Көкшетауда жол ақысы қымбаттады

Көкшетауда жол ақысы қымбаттады
ашық дереккөзі
450
Көкшетау қаласында бүгінен бастап қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2017 жылдың 21 тамызынан бастап, қоғамдық көліктегі жол ақысы ересектер үшін 80 теңге, балаларға 40 теңге болды. Сондай-ақ, қоғамдық көлікте айлық жүру ақысы да өсіп отыр. Еске сала кетейік, Көкшетауда 2014 жылдан бері қоғамдық көлікте жол жүру ақысы ересектеге 60 теңге, балаларға 30 теңге болып белгіленген еді. Жол жүру ақысын көтеруге облыс орталығындағы автопарктердің шығындарының шамадан тыс көбейіп кетуі себеп болып отырған көрінеді. Осы мақсатта тасымалдаушы компаниялар қала әкімдігіне тарифті көтеру туралы бірнеше рет ұсыныс жасаған. Бұл ұсыныс қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында да қолдау тауып, бүгінен бастап, күшіне еніп отыр.  

Серіктес жаңалықтары