Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері қандай?

Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері қандай?

Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері қандай?
ашық дереккөзі
375
Ресейге жарияланған санкциялардың Қазақстанға әсері қандай болмақ? Журналистердің осы төңіректе қойған сауалына ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жауап берді.  «Қазіргі уақытта бұл мәселені мұқият зерттеп жатырмыз. Бұл санкциялар АҚШ Сенатында қаралып жатқанда-ақ ресейлік және америкалық әріптестермен байланыста болғанымызды жасырмаймын. Онда не жазылатынын да алдын ала түсіндік», - дейді Қ.Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап бере отырып. Министр Қазақстанның ең алдымен Каспий құбыр желісі консорциумына (КҚК) қатысты алаңдаушылық білдіргенін атап өтті. «Қазір КҚК сараптама жүргізумен айналысып жатырмыз. Айтарлықтай қауіп-қатер жоқ секілді. Себебі, КҚК қуаттылығын арттыру бойынша негізгі жұмыс атқарылып қойған. Тек бірнеше нысандарды іске қосу мәселелерін аяқтау ғана қалған. Осыған байланысты осы құбыр желісі жүйесіне түсетін Қашаған және Теңіз мұнайларының болашақтағы көлемімен еш қиындық болмауы тиіс», - деді Қ.Бозымбаев. Алайда министр Волгодон мәселесінің бар екенін еске салды. «Теңіз кен орнын кеңейтудегі Волгодонға қолжетімділік мәселесі бар. Мұнда да ресейлік және америкалық әріптестерімізбен белсенді жұмыс істейтін боламыз. Бүгінгі күн мен алдағы 3-5 жыл туралы айтар болсақ, қандай да бір қауіп-қатерді байқаған жоқпыз. Өздеріңіз білесіздер, газды екі мемлекетке сатып отырмыз. Ресеймен келісімшарт қазан айынан бері өз күшінде, Қытаймен газ экспорты жөнінде келісімшарт бекіттік. Қытайдағы мүмкіндіктеріміз 10 млрд-қа дейін жетеді, биылғы газды Газпром-газ арқылы сататын шығармыз. Баку, Батуми қалаларында да мұнай құбырларын пайдалану мүмкіндіктері іске қосылмаған, қажет болған жағдайда қостыруға болады. Бірақ әзірге экономика бойынша ең оңай тәсілі - Новороссийск пен КҚК. Сондықтан, бұл мәселе бойынша әзірге еш қатер көріп отырған жоқпыз», - деді Қанат Бозымбаев.    

Серіктес жаңалықтары