Астана төріндегі көрмеге келушілер саны 3 миллионға жуықтады

Астана төріндегі көрмеге келушілер саны 3 миллионға жуықтады

Астана төріндегі көрмеге келушілер саны 3 миллионға жуықтады
ашық дереккөзі
10 маусымнан 20 тамызға дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 2 779 820 адам келді, деп хабарлайды  «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі. Көрменің үш миллионыншы келушісі апта соңында анықталуы мүмкін. «14-20 тамыз күндері ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне 345 445 адам, яғни орташа есеппен күніне 49 349 адам келді. Өткен аптамен салыстырғанда келушілер саны 14 мың адамға өскен. Осылайша, 10 маусымнан 20 тамызға дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 көрмесіне 2 779 820 адам келді», - деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі. 10 маусым - 20 тамыз күндері Көрменің барлық нысандарына кіріп шығу көрсеткіші 22 113 663-ті құрады, оның ішінде халықаралық павильондарға - 19 438 248, Көрме нысандарына - 2 675 415 адам барған. Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны 2 млн, ал кіріп шығу көрсеткіші шамамен 5 млн болады деп болжанған еді. 4 тамыз күні Орал қаласының тұрғыны Ғайса Жұмалиев «ЭКСПО-2017» көрмесінің екі миллионыншы келушісі атанды. Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов келушіні арнайы құттықтап, планшет, құлаққап, ЭКСПО-ға лимитсіз билет және ЭКСПО-ның басты тұмарлары - Сәуле, Қуат, Мөлдір сынды естелік сыйлықтарды табыстады.