448
Қазақстандық компаниялар Гонконгтағы Food Expo-2017 көрмесіне қатысты
Қазақстандық компаниялар Гонконгтағы Food Expo-2017 көрмесіне қатысты
Таяуда Гонконгте 28-ші Food Expo-2017 тағам көрмесі ашылды. Биыл Қазақстан атынан тұңғыш рет бес кәсіпорын қатысты. Олардың ішінде "Шин-Лайн" балмұздағы, «Батыс Марка Ламб» тоңазытылған еті, "Қаржау" шаруа қожалығының "Лавра" сұйық майы, "Лепсі өнімі" балы және "Saumal" қымызы қатысты.
«KAZAKH INVEST» қолдауымен Қытай нарығында «Made in Kazakhstan» өнімдерінің тұсаукесері ұйымдастырылды.
Көрмеге әлемнің 26 мемлекетінен 1500 өндіруші қатысты. 2017 жылғы жаһандық серіктес - Жапония болды. Аталмыш елден 331 өндіруші қатысып отыр. Сонымен қатар көрмеге тұңғыш рет қатысып отырғандар қатарында Беларусь, Канада, Чехия, Мексика, Үндістан және Тайланд бар.
"Азия елдерінде салқын тағамдар бағзыдан-ақ кеңінен танымал. Сондықтан "Шин-Лайн" компаниясы аталмыш аймаққа балмұздақ экспорттауды қолға алмақ", – деді компанияның маркетинг бойынша директоры Константин Доценко. "Біздің ұсынысымыз - Бахрома бренді. Бұл шығыс тәттілерінен жасалған өнім. Жақында іске қосылған өндірістік желі арқылы 30 жаңа өнім жасауға болады. Гонконг - Қытай, Азия және әлем елдерімен бизнес жүргізу үшін тиімді платформа. Қазақстандық өнім өз бағасын алады деп сенеміз, сондай-ақ сапалы табиғи өнімді тұтынушылардың көңілінен шығады деген сенімдеміз".
Гонконг сауда-саттықты дамыту кеңесі 1966 жылы құрылған. Ол Гонконгте бизнеске мүмкіндік жасаумен айналысады. Әлем елдерінде 40 кеңсес бар, соның 13-і Қытайдың құрлықтық аумағында орналасқан. 50 жылдық тәжірибесінің нәтижесінде Кеңес халықаралық көрмелер, конференция мен бизнес миссиялар ұйымдастырады.