Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 72,3 жас

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 72,3 жас

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 72,3 жас
ашық дереккөзі
239
Қазақстандықтардың орташа жасы 72,3-ті құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мәлім етті. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен Астанада еліміздегі денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстардың алғашқы жартыжылдығы қорытындыланып жатыр. «2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы бойынша негізгі көрсеткіштер қалыпты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың орташа жасы 72,3 жасқа жетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (6 ай бойынша) ана өлімі 10,8 процентке азайды. Өлім жағдайлары инфаркттан 5,5 %-ке, қайғылы жағдай мен жарақат алудан 8,6%-ке, туберкулезден 32,2 %-ке төмендеді», - дейді ДСМ вице-министрі Алексей Цой. Жиын барысында «Денсаулық» бағдарламасы бойынша негізгі көрсеткіштері төмен өңірлердің денсаулық сақтау басқармасының басшылары баяндама жасап жатыр.    

Серіктес жаңалықтары