Тайваньда жарықтың өшуінен министр отставкаға кетті

Тайваньда жарықтың өшуінен министр отставкаға кетті

Тайваньда жарықтың өшуінен министр отставкаға кетті
ашық дереккөзі
369
Тайвань аралының экономика министрі отставкаға кетті. Оған аралда электр энергиясының жаппай өшіп қалуы себеп. Соның салдарынан 6 жарым миллионнан астам тұрғын бірнеше сағатқа жарықсыз отыруға мәжбүр болған. Біраз адам лифтте қамалып қалған. Шағын компаниялардың да жұмысы уақытша тоқтатылды. Десе де жергілікті билік бұл оқиғаның ірі кәсіпорындардың қызметіне әсер етпегенін айтады. Ал электр энергиясының жаппай өшірілуіне адами фактор себеп болған екен. Қателік салдарынан аралдағы бас электр станциясына сұйытылған газдың жеткізілуі уақытша тоқтап қалған. Апатты жою жұмыстары 4 сағатқа созылды.

Серіктес жаңалықтары