356
Халықаралық шараларды ұйымдастыруда Астана үздік бестікте
Халықаралық шараларды ұйымдастыруда Астана үздік бестікте
Көрмелік ғылыми-зерттеу орталығы R&C (Ресей) ШЫҰ мен ТМД мемлекеттерінің астаналары конгрестік-көрмелік деңгейін көрсететін бірегей халықаралық зерттеу жүргізді.
Зерттеу қортындысы бойынша халықаралық рейтингтің үздік бестігіне Бейжің, Мәскеу, Киев, Нью-Дели және Астана енген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Үздіктер тізімінде сондай-ақ Бішкек,Ташкент, Душанбе, Минск, Кишинев, Нью-Дели, Исламабад, Ашхабад секілді әлем астаналары бар. «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС рейтингті құруда көп факторлы зерттеу пайдаланылған.
Сарапталған көрсеткіштер бес топқа біріктірілген: Материалдық-техникалық база - қаланың әртүрлі форматтағы іскерлік шараларды қабылдап, өткізу мүмкіндігін айқындайды.
Аймақты ілгерілету - іскерлік және ойын-сауық шараларын өткізуге тартымдылығын, оның туристік әлеуетін көрсетеді. Ивент индустриясы саласында дестинация саясаты - нарықтың барлық қатысушыларының әкімшілік үйлестіру деңгейін байқатады. Ірі оқиғаларды өткізу - әртүрлі деңгейдегі шараларды ұйымдастырушыларға дестинацияның тартымдылығын көрсетеді.
Соңғы үш жылда ауқымды халықаралық шараларды (спорттық, мәдени, іскерлік, үкіметтік) өткізу тәжірибесі бағаланады. Аймақтың рекреационды мүмкіндіктері - дестинацияның туристік контентінің тартымдылығын білдіреді.
Айта кетейік, дестинацияның оқиғалық мүмкіндіктер рейтингісі - қазіргі таңда ресейлік нарықта баламасы жоқ жоба. Рейтингтің авторы Көрмелік ғылыми-зерттеу орталығы R&C - Ресейдегі ивент индустрияда маркетингтік және консалтингтік қызметтердің толық спектрін ұсынатын жалғыз компания.