«Ұшақ бортына жолаушы қалай отырып жүр?»

«Ұшақ бортына жолаушы қалай отырып жүр?»

«Ұшақ бортына жолаушы қалай отырып жүр?»
ашық дереккөзі
394
Қазақстанның бас авиациялық инспекторы, Азаматтық авиация комитетінің төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Тоты Әмірова қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан дауға ілініп жататын әуе компанияларының басшыларын қатаң сынға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Авиациялық қауіпсіздік мәселесі талқыланған жиында Тоты Әмірова алдымен «ҚАЗАВИА» тәуелсіз компаниясы» ЖШС директоры Сергей Сухоруковқа сын айтты. «Ұшақ бортына жолаушы қалай отырып жүр?» деген сұраққа компания басшысы жауап берді. «Ұшу барысында жолаушыларды бортқа отырғызбаймыз. Қосымша орындар бар, бұл қайғылы жағдайға дейін де талап сондай болды. Меніңше, қожалық басшысы командирді даладағы егінін бақылау үшін көндіріп алған секілді. Командирдің неліктен жолаушыны бортқа алып жүргені түсініксіз. Ол ескертіліп еді. Жылына екі рет түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тағы да қосымша нұсқау болады», - дейді Сергей Сухоруков. Тоты Әмірова қауіпсіздік ережелері сақталмаған жағдайда комитет лицензияны тартып алатынын ескертті. Бұған қоса тағы бірнеше әуе компанияларының басшылары сынға ілікті. «Көндірді деген себеп болмау керек. Демек, әуе компаниясының ішкі тәртібі нашар. Егер тиісті шара қабылдамасаңыздар, қатаң түрде шешім қабылдайтын боламыз. Біз ұшқыштың немесе әуе компаниясының лицензиясын алатын боламыз», - деді Тоты Әмірова. Еске сала кетсек, 27 шілдеде Як-12М ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Әуе апатынан 54 жастағы Халит Ақбердинов пен 39 жастағы шаруа қожалықтың басшысы Мәсімжан Мәсімов көз жұмған. Ұшақ командирінің 33 жылдық өтілі болған. Әуе апатынан мерт болғандар отбасына Як-12М ұшағы тиесілі «ҚАЗАВИА» тәуелсіз компаниясы» ЖШС көмек беріп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары