343
Тоқтар Төлешевтің мүлкі Шымкент әкімдігіне өтті
Тоқтар Төлешевтің мүлкі Шымкент әкімдігіне өтті
Тоқтар Төлешевтің 8 жер учаскесі мен 4 коттеджі сот шешімімен Шымкент әкімдігінің меншігіне өтті. Бұл туралы «Астана» телеарнасы қала әкімдігі баспасөз қызметінің хатшысы Әйгерім Жұмағұловаға сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, «сыра королі» атанып кеткен Төлешовтің меншігінде болған «Фосфоршылар сарайының» тағдыры да шешілетін күн алыс емес. Мәдениет үйіне қатысты сот ісі жүріп жатыр. Ал 8 бірдей жер теліміне келешекте көпқабатты тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. Төлешовке тиесілі болған төрт зәулім үйдің екеуі білім бөліміне бұйырып отыр.
«Коттедждердің біреуін әлі оның отбасы босатпады. Оған босату жөнінде сотқа қағаздар өткізілді. Қалған екі коттедж қала әкімдігінің білім бөліміне берілді. Онда мәдениет үйі ашылатын болады. Ал бір коттедж қиратылады», - дейді Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова.