Радикалдардың саны азайған

Радикалдардың саны азайған

Радикалдардың саны азайған
ашық дереккөзі
279
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Sayasat.org сайтына берген сұхбатында қазіргі уақытта министрлік теологтар тобын жұмылдыра отырып, жат ағымдардан сақтандыратын әдістемені даярлап жатқанын мәлім етті.  «Ашығын айтқанда, адамның дәстүрлі немесе жат діни ағымда жүргенінен бұрын, оның радикалдану дәрежесі қай сатыда екені қоғамның тыныштығы үшін қауіптірек. Олар дәстүрлі конфессияда болғанымен, радикалды позицияда болса, қоғамға қауіп тудыруы мүмкін. Бірақ, радикалдардың саны азайып келе жатқанын мәлімдегім келеді», - дейді Нұрлан Ермекбаев. Министрдің айтуынша, радикалдардың саны осыдан екі жыл бұрынғы уақыттан гөрі азайған. Сонымен қатар, өткен жылдың аяғынан бері сириялық және ирактық аумаққа ауып кету жағдайы тіркелмеген. «Адамдарға ойлауға, белгілі бір көзқараста болуға немесе оны ұстануға тыйым салмаймыз. Бірақ, біз анықталған белгілі бір идеологияны деструктивті деп айта аламыз. Мемлекетте бұл құқық бар», - дейді министр. Сонымен қатар, министр дерадикалдандыру үшін арнайы оңалту орталықтары жұмыс атқарып жатқанын, бұл бағытта 114 нөміріне хабарласуға болатынын, ел ішінде аталған жұмысты түсіндіруге бағытталған 300-ге жуық ақпараттық-түсіндіру тобы барын, түсіндіру жұмысына кәсіби теологтар, сарапшылар мен имамдар жұмылдырылып жатқанын атап өтті.    

Серіктес жаңалықтары