ЭКСПО көрмесінде кәдесый мен тағам сатудан түскен пайда қомақты

ЭКСПО көрмесінде кәдесый мен тағам сатудан түскен пайда қомақты

ЭКСПО көрмесінде кәдесый мен тағам сатудан түскен пайда қомақты
ашық дереккөзі
309
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы көрмеде кәдесый сатудан түскен қаражат сомасын жариялады. Астанадағы ЭКСПО көрмесінде тауар айналымының жалпы сомасы көрме өткен екі ай ішінде 905,7 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ.  "10 маусымнан 14 тамызға дейін жалпы құны 131 767 992 теңге тұратын 84 495 дана лицензиялық өнім сатылған. Көрме жұмыс істеген екі айда 537,8 тонна өнім жеткізілген. Халықты аспен қамту бойынша – қызмет көрсетілген келушілер саны 558,7 мың адам. Тауар айналымының жалпы сомасы 905,7  миллион теңге", — деп атап өтті ЭКСПО баспасөз қызметі.  

Серіктес жаңалықтары