1209
Йеменді тырысқақ қыспаққа алды
Йеменді тырысқақ қыспаққа алды
Йеменде тырысқақ ауруын жұқтырғандар жарты миллионнан асты. Ал көктемнен бері бұл індеттен көз жұмғандар 2 мыңға жуықтаған. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.
Жағдайдың былай ушығуына 2014-ші жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыс себеп. Өйткені су құбырлары бүлініп, халықтың дені таза ауызсуға жарымай отыр. Ол аздай, атыс-шабыстан ауруханалардың жартысынан астамы жабылған.
Жұмыс істеп тұрғандарында дәрі-дәрмек тапшы. 30 мыңға жуық медициналық қызметкердың жалақы алмағанына 1 жылға жуықтап қалыпты. Ал дәрігерлердің айтуынша, тырысқақ індетін жұқтырғандарға дер кезінде көмек көрсетілсе, одан 99 пайыз құлан таза айығып кетуге болады екен.
Осы ретте жергілікті билік бұл ахуалды өз бетінше шешуге қауқарсыз екенін мойындап, әлемдік қауымдастықтан көмек сұрап отыр.