194
Қазақстан мен Беларусь ғарыш саласы бойынша құжаттарға қол қойды
Қазақстан мен Беларусь ғарыш саласы бойынша құжаттарға қол қойды
Бүгін Астанада ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев пен Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяковтың кездесуінен кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сонымен, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен Беларусь Ұлттық ғылым академиясының төралқа төрағасы Владимир Гусаков ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев пен Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяков келіссөздер жүргізді. «Екі елдің арасындағы қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында қарқынды түрде дамып келеді. Осы орайда біздің елдердің көшбасшыларының рөлі айрықша. Қазіргі кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Минскіге сапарына дайындалып жатырмыз. Атап айтқанда, дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мемлекет басшысының сапары Қазақстан-Беларусь қатынастарын дамыта түсуге елеулі серпін береді деп болжап отырмыз»,- деді Бақытжан Сағынтаев.