Алматыда жұмыссыздардың саны 47,2 мың адамға жетті

Алматыда жұмыссыздардың саны 47,2 мың адамға жетті

Алматыда жұмыссыздардың саны 47,2 мың адамға жетті
ашық дереккөзі
287
Биылғы жылдың I тоқсанында Алматыда 47 мыңнан астам жұмыссыз тіркелген. Нақтырақ айтсақ, халықтың жұмыспен қамтылуын біржолғы зерттеудің қорытындысы бойынша екі қолға бір күрек таппай жүргендердің саны 47,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,4 пайызына тең. Қалалық статистика департаментінің мәліметінше, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылғы сәуірдің соңына 1787 адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,2%. 2015 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 152724 теңгені құрады, Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,7%-ға артық. Нақты жалақы индексі 2015 жылғы I тоқсанда 101,8% құрады. Тұтыну бағаларының индексіне келер болсақ, бұл көрсеткіш 2015 жылғы сәуірде 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары мен тарифтері 2,9%-ға, ақылы қызметтердің – 1,5%-ға өссе, азық-түлік емес тауарларының бағалары мен тарифтері, керісінше, 0,6%-ға арзандаған. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағаларында да өсім бар: 2015 жылғы сәуірде өткен жылдың соңғы айымен салыстырғанда 1,4%-ға артқан.

Серіктес жаңалықтары