311
Ауруханада оттегі жетіспегендіктен 30 бала көз жұмған
Ауруханада оттегі жетіспегендіктен 30 бала көз жұмған
Үндістандағы Горакхпур қаласында әскери ауруханада жатқан 30 бала 48 сағаттың ішінде қайтыс болды.
Балалардың ажал құшуына сырқаттарға берілетін оттегінің жетіспеуі себеп болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Ақша төленбегендіктен жекеменшік фирма медициналық мекемеге баллондарды жеткізуден бас тартқан, деп хабарлайды NDTV.
Штат үкіметінің мәлімдеуінше, мұндай келеңсіз жағдайда әскери аурухана қолда бар баллон қорын пайдалануға тиіс еді. Бірақ дәрігерлер мұны ескермеген.