1476
Әзірбайжанда қазақ әдебиеті оқыла бастады
Әзірбайжанда қазақ әдебиеті оқыла бастады
Әзербайжан елінің жоғары оқу орнында қазақ әдебиетіндегі ағартушылық идеялардың қалыптасуына арналған пән енгізіліп жатыр. Жаңа бағдарлама негізінде Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев сынды ақын-жазушылардың еңбектерімен танысуға болады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Кеңес Одағы кезінде жоғары оқу орындары түркі халықтарының әдебиеті жайлы арнайы пәнді оқытты. Әрине оның ішінде қазақ ақын-жазушылары да болды. Бірақ ондағы ақпарат тек жалпылай еді.
Ал Баку мемлекеттік университеті енді қазақ әдебиеті жайындағы танымды тереңдетіп, «Қазақтың 19-ғасырдағы ағартушылары» атты арнайы бағдарлама қосты.
Камаля Наджафова бағдарламаның авторы:
- Қазір біз магистратурада оқитын студенттерге қазақ әдебиетімен тереңірек танысуға мүмкіндік беріп отырмыз. Өйткені, сол заманның ақын-жазушылары өте өзекті мәселелерді көтерген және көрнекілігі жағынан өзіндік ерекшелікке ие. Бағдарламаны оқыту барысында Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев сияқты ұлы тұлғалардың өмір жолы және еңбектері таныстырылады.
Камаля Наджафова, бағдарлама авторы:
- Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары жастар үшін өте маңызды. Оның шығармашылығы жан-жақты. Біз ақынның поэзиясы мен прозалық шығармаларын жоғары бағалаймыз. Ұлы тұлғаның туындыларын Әзірбайжан тіліне аударуға көп көңіл бөлеміз. Қазақ ақындары мен жазушыларының еңбектері өміршең әрі нақылға толы. Мұны әзербайжандық ғалымдар да мойындап отыр. Зерттеушілер Абай қара сөздерінің жастар үшін пайдалы екендігін айтады. Сондықтан да бұл бағдарлама бакалавриаттан бастап оқытылады. Ол орта мектеп оқушыларына да жарамды.