255
Бой жазамын деп жүріп жазым болды
Бой жазамын деп жүріп жазым болды
Демалу үшін табиғат аясына шыққан Шымкент тұрғыны жазатайым мерт болды. Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишениннің хабарламасына сүйенсек, қайғылы оқиға кеше шымкенттік кәсіпорын қызметкерлері тау бөктеріне демалысқа барған кезде орын алған. «20 адамнан тұратын компания тауға барып, өзен жағалауы бойымен көтерілмек болған. Сол сәтте 1954 жылы туылған Шымкент тұрғыны аяғы тайып кетіп, 15 метр биіктіктен құлап кеткен», – деді П.Вишенин. Әріптестері жазым болған әйелді құтқара алмаған. Өздерінің шамасы келмесін білген соң, кәсіпорын қызметкерлері дереу құтқарушыларды шақырыпты. ТЖД қызметкерлері альпинистік жарақпен төмен түскенде әйелдің бірден жантәсілім еткені анықталған.