2019 жылы отандық медициналық ұйымдар қағазсыз форматқа көшеді

2019 жылы отандық медициналық ұйымдар қағазсыз форматқа көшеді

2019 жылы отандық медициналық ұйымдар қағазсыз форматқа көшеді
ашық дереккөзі
228
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда медициналық ұйымдар қағазсыз жұмыс форматына көшеді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева хабарлады. Былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы қабылданған болатын. Медицина саласын дамытуды көздейтін бағдарламаның жүзеге асыру барысы туралы айтқан вице-министр бағдарламаның бағыттарына тоқталды. Баспасөз мәслихатында дәрігерлердің қағазбастылығын азайтуға байланысты да сұрақ қойылды. Л.Ақтаеваның айтуынша, қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде медициналық қызметкерлердің қаптаған қағазбастылығы 30 пайызға қысқарған. Әсіресе, дәрігерлердің есеп беруі мен тіркеу қағаздарын толтыруы азайған көрінеді. «Біз биылғы жылдың соңына дейін медициналық мекемелерді ақпараттық жүйемен – 50 пайызға, 2018 жылдың аяғына дейін 100 пайызға дейін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, медициналық ұйымдар қағазсыз жұмыс форматына көшеді», дейді Л.Ақтаева. Вице-министрдің айтуынша, «Денсаулық» бағдарламасы аясындағы шаралар Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Жоспар бойынша, Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылуы тиіс. Осы орайда еліміздің де денсаулық сақтау саласы дамып. тұрғындардың орташа өмір сүру жасы 80 жасқа дейін ұзармақ.

Серіктес жаңалықтары