Қазақстанның халықаралық резерві - 90,7 миллиард доллар

Қазақстанның халықаралық резерві - 90,7 миллиард доллар

Қазақстанның халықаралық резерві - 90,7 миллиард доллар
ашық дереккөзі
265
Қазақстанның халықаралық резерві Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, 90,7 млрд. АҚШ доллары болды. Бұл туралы бүгін Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, 2017 жылғы шілдеде Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 2,9 млрд. АҚШ долларына немесе 9,7%-ға өсіп, 32,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Шетел валютасындағы активтер 2,6 млрд. АҚШ долларынан 21,5 млрд. АҚШ долларына дейін, алтындағы активтер бағасы 1,9%-ке өсуі нәтижесінде 0,3 млрд. АҚШ долларынан 11,4 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды. 2017 жылғы шілдеде Ұлттық қордың активтері 4,3 млрд. АҚШ долларынан немесе 57,9 млрд. АҚШ долларына дейін 6,9%-ға төмендеді. Ұлттық банктің халықаралық резервтері көлемінің және Ұлттық қор активтерінің өзгеруі көп жағдайда «Қазақстанның Халық жинақ банкі» АҚ пен «Казкоммерцбанк» АҚ арасындағы мәмілені іске асыру нәтижесінде болды. Атап айтқанда, Ұлттық қор активтерінің төмендеуі көрсетілген мәмілені жүзеге асыру үшін республикалық бюджетке нысаналы трансфертті бөлуге, ал Ұлттық банктің халықаралық резервтерінің ұлғаюы осы көлемнің шетел валютасынан теңгеге тиісінше айырбасталуына (шетел валютасын сатып алуға) байланысты. Бұдан басқа, Ұлттық қордың активтерін өзгерту кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді бөлу үшін валюта нарығында шетел валютасын айырбастауға негізделген. Ұлттық ,анктің халықаралық резервтерінің серпініне сондай-ақ Үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі, банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюы, Ұлттық қордың активтерін толықтыру, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету, сондай-ақ банктермен валюталық-пайыздық своп операцияларының бөлігін аяқтау бойынша операциялар ықпал етті. Тұтастай алғанда, елдің халықаралық резервтері, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, 90,7 млрд. АҚШ доллары болды.  

Серіктес жаңалықтары