«Селфиқұмар» жасөспірім тоққа түсті

«Селфиқұмар» жасөспірім тоққа түсті

«Селфиқұмар» жасөспірім тоққа түсті
ашық дереккөзі
СҚО-да бағанға шығып алған «селфиқұмар» жасөспірім тоққа түсті. Солтүстік Қазақстан облысында Мамлют қаласында селфиге түсудің әуестілігі 15 жасар жасөспірімнің өмірін қия жаздады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Айрықша сурет жасамақшы болған Мамлют қаласының 9-сынып оқушысы ұялы телефонын алып, жоғары вольтты биік бағанға шыққан. Қас қағым сәтте жас бала тоқ соққанын өзі де аңғармай қалған көрінеді. Мамлют ауданының ІІБ кезекші бөліміне құтқарушылар хабар беріп, жас жігіттің бағанда асылып тұрғанын жеткізген. Аудандық электр қызметкерлері тез арада кернеуді ажыратып, мектеп оқушысы бағаннан түсірілді. «Ол шұғыл түрде емделуге жатқызылды. Бақытына қарай, бұл жағдай баланың күйік жарақатын алумен аяқталды. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп жоқ, денсаулығы қалыпты жағдайда. Алайда жасөпірімдердің экстремалды селфимен әуестенуі үрей туғызады», - деп хабарлайды СҚО ІІД-нен. Құзырлы органның баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар биік ғимараттарда, судың жағасында және басқа да жерлерде түсірілген айрықша суреттерге әуес көрінеді. Бірақ олар желдің екпінін, электр кернеуін, топырақтың опырылуы және тағы басқа қауіпті жайларды ескере бермейді. «Ересектер балаларға селфимен әуестенудің қауіптілігін түсіндіруі қажет. Әлемнің көптеген елдерінде моноподтарды пайдалануға тыйым салынған. Балалардың өмірі үшін сақ болған жөн», - деп хабарлайды ведомстводан.