ЕАЭО-дағы қалталы зейнеткерлер - қазақстандықтар
ЕАЭО-дағы қалталы зейнеткерлер - қазақстандықтар
Еуразиялық одақ көлемінде ең жоғары зейнетақыны қазақстандықтар алады. ЕАЭО елдеріндегі зейнетақымен қамту жүйесіне сараптама жүргізген КирТАГ осылай хабарлады. Сараптама бойынша ең бай зейнеткерлердің Қазақстанда тұратыны анықталған. Қырғыздардың есебіне сүйенсек, елімізде орташа зейнетақы 50 549 теңгені немесе АҚШ долларымен есептегенде 272 долларды құрайды екен. Ал Ресей Федерациясындағы зейнетақының орташа көрсеткіші 2015 жылдың ақпанында 12 мың 45 рубльді немесе Ресей Орталық банкінің ставкасы бойынша 240 АҚШ долларын құрапты. Белоруссияда тұратын зейнеткерлердің зейнетақысы 200 АҚШ долларына жетпейтін болып шықты. Ағымдағы жылдың ақпан айында бұл елде зейнетақының орташа көрсеткіші 2 млн 658,2 мың беларусь рубліне немесе187,5 долларына тең болған. Қырғызстандағы зейнеткерлердің жағдайы мәз емес. 2014 жылдың 1 қазанында зейнетақы көлемі көтерілген соң бұл мемлекеттегі орташа зейнетақы 4,6 мың сомды немесе шамамен 78 АҚШ долларын құраған.