Серік Ахметов үйқамақтан босатылмайтын болды

Серік Ахметов үйқамақтан босатылмайтын болды

Серік Ахметов үйқамақтан босатылмайтын болды
ашық дереккөзі
216

ҚР бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовті үйқамақта ұстау мерзімі тағы да ұзартылды. Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған шенеунік 2015 жылдың 18 маусымына дейін босатылмайтын болды. Бүгін Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осындай шешім шығарды. «Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңіне байланысты С. Ахметовке қатысты үйқамақта ұстау мерзімі 2015 жылдың 18 маусымына дейін ұзартылсын», – деген қаулыны бүгін Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының тергеу судьясы Еркеш Мәукен жария етті. Бұл – эск-министрге тағайындалған үйқамақ мерзімінің үшінші рет ұзартылуы. Естеріңізде болса, ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деп айыпталған С. Ахметовке қатысты сот 3 айға - 2015 жылдың 18 ақпанына дейін үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған, кейін үйқамақ шарасы 18 сәуірге дейін, одан соң ағымдағы жылдың 18 мамырына дейін ұзартылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі бұдан бұрын хабарлағандай, Қарағанды облысының және Қарағанды қаласының, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК АҚ, «Металлургия-Металл өңдеу» индустриялық паркі АЭА, «ҚазАгроҚаржы» АҚ бұрынғы басшылары Б.Әбдішевке, М.Смағұловқа, А.Эссеге, Г.Рахымжановқа және басқа да тұлғаларға қатысты бірқатар ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері тергелуде. Тергеудегі істерге С. Ахметовтің де қатысы бары анықталған соң, ол да қамауға алынып, айып тағылған болатын.

Серіктес жаңалықтары