Назарбаев Бас прокурордың орынбасарын қызметінен босатты

Назарбаев Бас прокурордың орынбасарын қызметінен босатты

Назарбаев Бас прокурордың орынбасарын қызметінен босатты
ашық дереккөзі
 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Андрей Николаевич Кравченконы қызметінен босатты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.  "Мемлекет басшысының Өкімімен Андрей Николаевич Кравченко Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.  1966 жылдың 19 шілдесінде Алматы облысында дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша және 2011 жылы Мәскеу бизнес-мектебін іскерлік басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген. Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Еңбек жолын 1983 жылы сот органдарында бастады. 1991 жылдан салық қызметі органдарында жұмыс істеді. 1994 жылдың қарашасында прокуратура органдарына қызметке келді. Прокурорлық мамандықтың барлық сатыларын біртіндеп өтті. 2001 жыл мен 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық сала заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті. Қаржы мониторингі, шағын және орта бизнесті қорғау және қолдау институттарының қалыптасуына тікелей қатысты. Прокуратура қызметкерлерінің жұмысын бағалау және прокуратура органдарындағы электрондық құжат айналымы жүйелерін жетілдіру кәсіби қызығушылық танытатын салалары болып табылады. 2011 жылдың маусымынан бастап - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымында қызмет етеді. ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен және өзге де мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған. Сыныптық шені - 3-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі. Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.