213
Жыл басынан бері 51 азамат пойыз атына түсіп кеткен
Жыл басынан бері 51 азамат пойыз атына түсіп кеткен
Елде алты ай ішінде пойыздың астына түсіп қалғандар саны 57-ге жетті, олардың жартысына жуығы қаза тапқан. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылғы 6 айда темір жолда жүруге тыйым салынған жерден өткені үшін 15 838 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, пойызды шұғыл тежеуге тура келген 761 жағдай тіркелді, оның ішінде темір жолда адамның болуы себебінен - 358, малдық өтуіне байланысты - 304 факті, сондай-ақ жолда бөгде заттың болуы себебінен 8 факті белгіленді. Көліктегі ІІД баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова атап өткендей, негізгі себептер - өтуге болмайтын орыннан өту, қауіпсіздік қағидаларын сақтамау.
Оның айтуынша, 6 айда темір жолда 5 бала жарақат алған, оның екеуі көз жұмған. Сонымен, осы жылғы 7 шілдеде «Құмшағал-Шөлдала» өткелінде электровоз 12 жастағы баланы басып кетті. Зардап шегуші Тараз қаласына ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапты. Факті ҚР ҚК 344-бабы бойынша бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркелді.