Өзбекстанда Кушан патшасының мөрі табылды

Өзбекстанда Кушан патшасының мөрі табылды

Өзбекстанда Кушан патшасының мөрі табылды
ашық дереккөзі
Өзбекстан ғылым академиясы Өнер институтының Өнертану экспедициясы көне Бактрия - Дальверзинтеп өлкесінде жүргізілген ірі археологиялық нысанды зерттеу барысында ойламаған жерден мөр тауып алды, деп хабарлайды 1news.uz. Жаңалық жайында Ғылым академиясының Өнертану институтының бөлімінің меңгерушісі, өнертану экспедициясының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Баходир Тұрғынов мәлім етті. Оның айтуынша, мөрдің екі жағында да ер адамның бейнесі бейнеленген. «Химиялық өңдеу барысында бұның әулеттің негізін қалаушы Құджұлы Кадфиздің ұлдарының бірі - ұлы Кушан императоры Вима Кадфиз екендігі анықталды. Ол біздің эрамызға дейін шамамен 110-127 жылдары мемлекет басқарды (басқаша мәліметтері де бар) және оның қуаттылығын айтарлықтай нығайтқан. Патшаның мөрі саналатын бұл монетаны археологтар Өзбекстандағы Кушан империясының тарихи ескерткіштерін зерттеу барысындағы экспедиция тарихындағы ерекше олжаға балап отыр. Оның ұлы Канишкидің мөрінің (шамамен 127-154 жылдары ел басқарған) жарты ғасыр бұрын Үндістаннан табылған», - дейді өзбекстандық археолог. Еске сала кетсек, Кушан патшалығы қазіргі Орта Азияның едәуір бөлігін, Ауғанстанды, батыс Пәкістанды, Солтүстік Үндістанды, Шығыс Түркістанды қамтылған. Көне дүниеде зор рөл атқарғандығына қарамастан, Кушан патшалығының тарихы жеткілікті зерттелмеген.