310
Еуропада жылқы етін саудалағандар ұсталды
Еуропада жылқы етін саудалағандар ұсталды
Еуроодақтың полицейлік қызметі жексенбі күні одаққа мүше елдердің бөлшек сауда нүктелеріне жылқы етін сиыр еті деп сатып келгендерге қатысты іс бойынша 66 адамды тұтқындады, деп хабарлайды DW.
Жылқы етін сиыр еті деп сатуға қатысты оқиға алғаш 2013 жылы Ирландияда анықталған. Тексеру алаяқтыққа Испания мен Португалиядағы фирмалардың қатысты екендігін көрсеткен. Олар жеуге жарамсыз саналатын жылқы етінің құжатын өзгертіп оны ірі еуропалық ет экспортері - Бельгияға жөнелтіп келген.
Тергеу барысында Испанияда 65 адам қамауға алынып, басты күдікті Нидерланды азаматы Бельгияда тұтқындалды.
«Барлық ұсталғандар жануарларға қиянат жасау, құжаттарды қолдан әзірлеу, айналадағылардың денсаулығына залал келтіру, қаржыны жылыстату және қылмыстық топқа мүше болу секілді айып тағылуда», деп мәлім етті Еуроодақтың полицейлік қызметі.