Ғалымдар құмырсқаның ең үлкен илеуін тапты

/
Ғалымдар құмырсқаның ең үлкен илеуін тапты
ашық дереккөзі
Ғалымдар құмырсқаның ең үлкен илеуін тапты Мәскеулік биологтар тапқан құмырсқаның илеуінің биіктігі 1,7 метр шамасында болса, диаметрі 2,5 метр. - Орман құмырсқаларының үйі Мәскеу маңында орналасқан Клин қаласының жанынан табылды. Бұл илеу соңғы жылдары кездестіргендердің ішіндегі ең үлкені болып табылады, – дейді Мәскеу облысының экология министрі Александр Коган. Орман құмырсқаларының пайдасы зор. Олар зиянды жәндіктерді жояды. - Осындай орта көлемдегі құмырсқаның илеуі орманның шамамен төрттен бір гектарын зиянкестерден тазалайды, – деп пікір қосты Ведомство. Жалпы Мәскеу маңында 41 құмырсқаның илеуі бар.  
Бөлісу: