176
"Қазавиақұтқару" директоры шетелдік компаниядан пара алды деп айыпталды
"Қазавиақұтқару" директоры шетелдік компаниядан пара алды деп айыпталды
Алматыда ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры ұсталды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро.
"Биыл 13 шілдеде Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті шетелдік компанияның жетекшісінен 50 мың АҚШ долларын құны 12 миллион АҚШ доллар тұратын "МИ-171Е" тікұшағын сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойған ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры М.Д.Досымбеков пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазавиаорманқорғау" РМКҚ" бас директоры Т.Т.Сексенбаевті ұстады", - делінген хабарламада.
Параның жалпы сомасы - 100 мың АҚШ доллары болған. Күдіктілер сот санкциясымен қамалып, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.