317
Той кортежінде 3 адам қаза тапты
Той кортежінде 3 адам қаза тапты
Жамбыл облысында той кортежі жантүршігерлік жол апатына ұшырап, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
ІІД өкілдерінің хабарына қарағанда, 14 шілдеде сағат 16.12-де Меркі аудандық жедел жәрдемге бірнеше көліктің Сыпатай батыр тасжолында соқтығысқаны жайлы хабар түскен. Оқиға орнына Меркі аудандық полиция қызметкерлері шыққан.
Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов жол апатының мән-жайын телефон арқылы айтып берді. "27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mercedes-Benz Gelandewagen көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ 2114 көлігімен және тағы екі көлікпен соқтығысқан, олардың бірі жол-патрульдік полициясының қызметтік машинасы. Gelendwagen көлігімен жол апатын жасаған адам той кортежінің қатысушысы болған", - деп хабарлады Сыбанқұлов.
Апат салдарынан оқиға орнында ВАЗ 2114 жолаушылары - 1962 жылғы әйел мен 2015 жылғы қыз қаза тапқан. Көліктердің бірінің үш жолаушысы мен соқтығысқан көліктің жүргізуші ауруханаға түскен. ВАЗ жүргізушісі ауруханада жан тапсырған.
"Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, қылмыстық істі тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. Ол ауруханада, алайда оған екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді облыс прокуроры. ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек апат жасаған Mercedes Benz Gelandewagen жүргізушісіне қатысты бірыңғай тергеулер реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелген. Бірқатар сараптама тағайындалды. Соталды тергеу жүріп жатыр.