Астанада Тото Кутиньо өнер көрсетеді

Астанада Тото Кутиньо өнер көрсетеді

Астанада Тото Кутиньо өнер көрсетеді
ашық дереккөзі
19 шілде сағат 19:00-де «Қазақстан» ОКЗ «Сан-Ремо жұлдыздары - Астанада» итальян музыкасының концерті өтеді. Бұл туралы Астананың мәдениет басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді деп, хабарлайды Today.kz. Концертте итальян эстрадасының əншілері Тото Кутуньо, Робертино Лоретти, «Ricchi e poveri» тобы жəне «Hit Italy» өнер көрсетеді. Олардың ішінде: «L'italiano», «Solo noi», «O Sole mio», «Sarà perché ti amo», «Mamma Maria», «Jamaica» жəне басқа да туындылар бар. Концерт халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне жəне Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 25 жыл толуына орайластырылған. «Концерт халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне жəне Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 25 жыл толуына орайластырылған. Әншілер 80-ші жылдардың хит əндерін шырқайды. Олардың ішінде: «L'italiano», «Solo noi», «O Sole mio», «Sarà perché ti amo», «Mamma Maria», «Jamaica» жəне басқа да туындылар бар»,-деп хабарлады баспасөз қызметінде.