Шегірткеге шашылған дәріден мал қырылуы мүмкін

Шегірткеге шашылған дәріден мал қырылуы мүмкін

Шегірткеге шашылған дәріден мал қырылуы мүмкін
ашық дереккөзі
938
"Шегірткеге шашылған дәріден малымыз қырылып қалды". Жамбыл облысындағы Кеңес ауылының халқы осылай деп дабыл қағып отыр. Жайылымның жауына айналған жәндіктерді улаудың соңы дауға ұласатын түрі бар. Төрт түлігінен айралған тұрғындарға өтемақы төлене ме? Бұл туралы Астана теларнасы хабарлады. Байзақтық бұқара «Жайылымның жауына айналған жәндіктерді жоюдың орнына, мамандар малды қолдан қырып алды» деп отыр. Көпшілік «Көделі» жайлауын жаз болғалы «ажал алаңы» деп атап кеткен. Өйткені аталмыш жайылымға аяқ басқан ағайын тек төрт-түлігінің тері тұлыбы мен өлексесін ғана көтеріп келеді екен. Өйткені малдар дәрілеуден уланған деп күдіктенеді. Арам қатып жатыр. Анау «Көделіде» жатыр бір бұзаулы сиырым, биелерім жатыр. Мына көршілердің де жылқылары өліп жатыр. Жұмагүл Әлімбетова, Кеңес ауылының тұрғыны: Бәрін мен жаңағы әуеден шашқан мезгілінен кеш сепкен дәріден көрем. Басқа ештеңе жоқ. Мен малмен айналысқалы мына ата-бабамнан бастап 40 жыл болды. Тұрғындар дәрілеу дұрыс жүргізілмеген жағдайда, ескерту керек еді, дейді. Малдарының сеспей қату себебін сала мамандарының салғырттығынан көреді. Уланған шөпті жеген мал осылай іші кеуіп өледі деп отыр. Мына 20 шақырым жайылымда бар-жоғы бес күнде 10 жылқы арам өлген. Сейсенбай Қотарбаев, Кеңес ауылының тұрғыны: Сұйық май құйдым, артындағы тезегін тазаладым, қолыммен бәрін істедім. Түк нәтиже жоқ. Қанын алып ауданға жіберді. Одан да қорытынды жоқ. Бір аптадан кейін дайын болады дейді. Ол бие өліп қалды, енді оның нәтижесінің керегі не бізге? Ал, ветеринар мамандардың уәжі басқа. Тек «Көктемгі дәрілеу кезеңі кешеуілдеп басталмаған, жәндіктер көбейген соң жаз ортасында да жүргізілді» дейді. Оспан Бердияров, Жамбыл облыстық ветеринария басқармасының басшысы: Мүмкін, шөптен де ықтимал. «Шегірткеге дәрі шашты» дейді, одан да болуы мүмкін. Тексерілуде оның бәрі. Сойған кезде ішек қарны қатып қалған. Жүрмеген, өйткені тоқтап қалған. Қазір айдалада арам қатқан малдардың қаны облыс орталығындағы сараптамаға жіберілген. Егер жануарлардың жаппай қырылуы шегіртке дәрісінен екені дәлелденсе, онда өлген малдарға өтемақы төленбек.    

Серіктес жаңалықтары