Сенбі, 25 Наурыз, 2023

Теңіз кенішіндегі апаттан қоршаған ортаға зиян келген

Ағымдағы жылғы 30 мамырда Теңіз кенішінде болған газдың атылуынан экологияға келген зиян мөлшері аталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат.

«Теңіз кенішіндегі газдың атылуының себеп-салдары мен зиянын тексерген арнайы комиссия өз жұмысын аяқтады. Экологияға тигізген зиян мөлшері 76,9 млн теңге көлемінде айқындалды. Сондай-ақ, «Тенгизшевройл» ЖШС компаниясы 169 млн теңге айыппұл төлейтін болады. Облыстық экология департаменті мамандардың қорытындысын «Тенгизшевройлға» жіберді. Заң бойынша компания бір айдың ішінде келтірілген зиян мен айыппұл сомасын төлеуі тиіс», – деп хабарлады Атырау облысы бас экологиялық инспекторы Қанат Қалмахан.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button