Алматыда қаңғыбас иттер көп

Алматыда қаңғыбас иттер көп

Алматыда қаңғыбас иттер көп
ашық дереккөзі
322
Алматыда қаңғыбас иттердің саны жыл сайын 10 пайызға өсіп келеді. Бұл мәліметті бүгін баспасөз мәслихаты барысында сарапшы Максим Гандрабура айтты. Бүгін қаңғыбас жануарлардың санын реттеудің 2017-2020 жылдарға арналған жаңа жобасы әкімдік өкілдеріне таныстырылған болатын. Сарапшылардың айтуынша, Алматыда 200 мыңнан астам қаңғыбас ит пен мысық бар. Соңғы 4,5 жыл ішінде 91 мың қаңғыбас жануар, нақтырақ айтқанда 89 мың ит пен 2 мың мысық ауланған. Осы уақыт аралығында ұсталған 1 200 жануар қожайындарына қайтарылды. Ветеринария орталығы ұсынған мәліметке сәйкес, 2017 жылдың маусымында ғана 249 жануар иесіне қайтарылды. «Олардың саны жылына 10 пайызға артып келеді. Ал ит қапқан адамдардың саны жылына 14 пайызға артуда. Сәйкесінше, олардың кесірінен ауру жұқтырып жатқандар да көбейіп барады. Негізгі себептері адамдардың өзінде жатыр. Көбіне адамдар оларды далаға қаңғыртып жібереді. Сонан соң олардың саны далада бақылаусыз артып барады. Адамдарды бұл үшін жазалаудың ешқандай заңды тетігі жоқ», - деді сарапшылар кеңесінің қатысушысы Максим Гандрабура. Осы өзекті мәселелерді зерттей келе сарапшылар Қазақстандағы қаңғыбас жануарларды ұстау жүйесін түбегейлі өзгерту керектігін айтып отыр.  

Серіктес жаңалықтары