Маңғыстауда ежелгі ірі су жануарының сүйегі табылды

Маңғыстауда ежелгі ірі су жануарының сүйегі табылды

Маңғыстауда ежелгі ірі су жануарының сүйегі табылды
ашық дереккөзі
678
Ежелгі су жәндігі, болжам бойынша плезиозаврдың сүйегі Маңғыстау түбінде құм арасынан табылды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі табиғат бөлімінің маманы Людмила Быкова Sputnik Қазақстанға Жәндікті тапқан жұмысшылар ірі көлемді сүйектерді жергілікті музейге алып келген, ғалымдардың айтуынша, олар ежелгі су жәндігі – плезиозаврға тиесілі болуы мүмкін. Ол осыдан 80-100 миллион жыл бұрын Тетис мұхитын мекендеген. Сүйектің суреттері Санкт-Петербург қаласына жіберілген, мәскеулік ғалымдар да бұған қызығушылықтарын білдіріпті. Музей маманының айтуынша, Мәскеуден РҒА геология институтының фанерозой стратиграфиясы зертханасының ғылыми қызметкері Николай Зверьков келген, ол сүйектердің көне дәуірде өмір сүрген жәндікке тиесілі екенін растады.  

Серіктес жаңалықтары