Шіркеу қызметкерлерінің балаларға көзқарасы өзгерек

Шіркеу қызметкерлерінің балаларға көзқарасы өзгерек

Шіркеу қызметкерлерінің балаларға көзқарасы өзгерек
ашық дереккөзі
Католик шіркеуі бұрын-соңды болмаған дауға қалды. Сиднейдің бұрынғы архиепископы, қазір лауазымы бойынша Ватикандағы үшінші тұлға, Шіркеудің бүкіл экономикасына жауапты Джордж Пеллге жас балаларды азғындық жолға түсірді деген айып тағылды. Сот алдында жауап беру үшін ол Австралияға ұшып кетті. Бұл туралы Лента.ру жазады. Істің мән-жайы әзірге жария болған жоқ. Австралия полициясының хабары бойынша, әңгіме бұрында болған жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты. Папаның келісімі бойынша Джордж Белл Ватикандағы қызметін уақытша тоқтатты. «Қаралау тыйылар емес. Мен енді сотқа тартылатын кезді күтіп отырмын. Мұның бәрі жала. Маған жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу деген ойдың өзі жиіркенішті», - деді ол журналистерге берген сұхбатында. Пеллге мұндай айыптар бұрын да айтылған екен. Көп жылдардан бері танитын адамдарға оның іс-әрекеті біртүрлі оғаш көрініп келген. Ол туралы қол астындағы дін адамдарының педофилдік әрекеттеріне көзжұмбайлықпен қарап, олардың жауапкершіліктен құтылуына көмектесті деген пікірлер болған. Алайда, шіркеу мұндай айыптауларға тап болған священниктерін мүмкіндігінше қорғап бағатынымен мәлім. Бұл жолы да канадалық священник Catholic Herald газетінің бағанасында «Шіркеудің жаулары қанды аңсап отыр. Тек Пеллдің қанына олар тоя қоймайды» деп жазды. Оның айтуынша, зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың ол оқиғаларды қырық жыл өткеннен кейін еске түсіруі таңданарлық нәрсе. Бұл істі ол католицизм дұшпандарының тірлігі деп санайды. Пеллдің ісіне қатысты соттың алғашқы отырысы 26 шілде күні өтеді.