Талғат Мұсабаев - сенатор

Талғат Мұсабаев - сенатор

Талғат Мұсабаев - сенатор
ашық дереккөзі
Қазақстан Парламенті Сенатына жаңа депутаттар тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда. "Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып мыналар: Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева; Владимир Васильевич Волков; Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев тағайындалды", - делінген Президент сайтында. Мұсабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұртай Әбіқаевтың, Икрам Адырбековтің, Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың, Людмила Григорьевна Полторабатьконың өкілеттіктері тоқтатылғаны айтылады.