200-ден астам адам қазақ тілін Skype арқылы тегін үйреніп шықты

200-ден астам адам қазақ тілін Skype арқылы тегін үйреніп шықты

200-ден астам адам қазақ тілін Skype арқылы тегін үйреніп шықты
ашық дереккөзі
2016 жылдың қыркүйек айында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Soyle.kz әдістемесі бойынша қазақ тілін Skype арқылы оқыту жобасын бастаған болатын.  Бүгінгі таңда Skype арқылы Қазақстан мен шет елдерден (Ресей, Польша, Англия, Қытай) 200-ден астам адам тегін қазақ тілін меңгеріп шықты, деп хабарлайды Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі. Жоба Мемлекеттік тілді дамыту қорының  әлеуметтік серіктесі - «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты - қазақ тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ тілін кеңінен насихаттау, оның қолданыс аясын кеңейту, тілдің қоғамдағы мәртебесін арттыру және шетелдерде тұратын отандастарымыздың туған елі - Қазақстанмен байланысын нығайту. Skype арқылы оқыту тыңдаушыларды қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуге, аз уақыттың ішінде тілді үйреніп, жоғары жетістіктерді көрсетуге мүмкіндік береді.  Курс әр оқушының жеке қазақ тілін білу деңгейіне жеке тәсілдері бойынша бағытталған. Skype арқылы қазақ тілін оқытудың артықшылықтары - уақыттың үнемделуі мен ыңғайлылығы. Интернет қолданушылардың білдірген көптеген пікірлері мен тілектерін ескере отырып, қазақ тілін Skype арқылы оқыту жобасын осы жылдың күзінде жалғастыру жоспарланып  отыр.  «Soyle.kz» - Қазақстандағы қазақ тілін онлайн режімінде тегін үйрететін тұңғыш портал. Бүгінгі таңда оның қызметін әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллионнан астам адам пайдаланса, арнайы тіркеліп тіл үйреніп жатқан адамдардың саны 62  мыңнан асты.