Еуропалық Одақ Қазақстанға қаржылай көмек берді

Еуропалық Одақ Қазақстанға қаржылай көмек берді

Еуропалық Одақ  Қазақстанға қаржылай көмек берді
ашық дереккөзі
198

Еуропалық Одақ Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетті. Қазақстандағы ЕО өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламаға сүйенсек, Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерінде 2015 жылы сәуірдегі су тасқынына байланысты Еуропалық комиссия су тасқыны салдарынан қатты қиналған халыққа көмек көрсету мақсатында 127,427 евро бөлген. Қаржылай көмектің басым бөлігі Қарағанды облысына берілмек. "ЕО-ның бұл қаржыландыруын Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы азық-түліктік емес тауарлар мен гигиеналық жиынтықтарды қоса алғанда осындай қажетті көмек көрсетуді қолдайды. Негізгі жұмыс су тасқынынан ерекше зардап шеккен Қарағанды облысында жүргізілді", – дейді өкілдіктің баспасөз қызметі. Алдағы үй шайда жалғызбасты әйелдер, көпбалалы немесе қарттары бар отбасылар, сондай-ақ үйлері айтарлықтай бұзылған немесе мүлкі жоғалған отбасыларды қоса алғанда, шамамен мың отбасы бірінші кезекте көмек алады. Бұған дейін Қарағанды облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарынан өтемақы алу туралы 1740 өтініш келіп түскені хабарланған болатын. Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 миллиард теңге бөлініп, өтемақы төлене бастады.

Серіктес жаңалықтары