Балмұздақ дәстүрін қалыптастыру қажет

Балмұздақ дәстүрін қалыптастыру қажет

Балмұздақ дәстүрін қалыптастыру қажет
ашық дереккөзі
528
Балмұздақ өндірушілердің айтуынша, Қазақстанда көпшілік балмұздақты жазда ғана және серуенге шыққанда жейді. Балмұздақты үйде жеу дәстүрі дамымай келеді. "Шин-лайн" директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докин: "Жалпы Қазақстанда қыста балмұздақ сұранысы күрт азаяды. Солтүстік өңірлерде балмұздаққа сұраныс бар, ал оңтүстікте әсіресе Шымкентте қыстың күні мүлде балмұздақ өтпейді" дейді. Өндірушілердің айтуынша, Еуропа елдерінде балмұздақды кешкі астан кейін дисерт есебінде жеу дәстүрге енген, сондықтан мұнда балмұздақ саудасы жақсы. Жалпы, Еуропа елдерінің өз өндірушілері мен белгілі брендтері қалыптасқан. Мұнда балмұздақ нарығын жаулап алу немесе басқа дәммен таң қалдыру мүмкін емес. Ал Шығыс Еуропа мен Орта Азия, Қытайда нарыққа шығуға кедергі жоқ. Айталық, қазіргі таңда "Шин-Лайн" компаниясының өнімдері Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия және Әзірбайжанға экспортталады.  width= -Балмұздақтың әлемдік нарығы жылына орта есеппен 2,3 пайызға өсуде. Бұл тұрғыда Таяу шығыс және Шығыс Еупропа айтарлықтай қарқынды дамуды көрсетіп отыр. Азиялық-Тынық мұхиттық нарық - сандық тұрғыдан, ал Батысеуропалық нарық - құны жағынан басымырақ. Батыс Еуропаның балмұздақ нарығы орнықты, әрі жетілген, өсу қарқыны нөлге жақын, балмұздақ өндірісіндегі дәстүрлі дәмімен және өзінің ерекшелігімен айрықша. Әр түрлі тұтынушылар үшін нағыз шығыс балмұздағын жасадық, - деді "Шин-Лайн" компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Константин Доценко. Жаңа балмұздақ - Бахрома деп аталады. Ол шығыс дәмдері - халуа, інжір, өрік-мейіз, шербет, нугамен жасалады. Жаңа өнімнің ерекшелігі - бұған дейін ТМД елдерінде өнімдерде сұйық азот қосылмаған. Бұл жаңа технология табиғи дәмді сақтайды, еш зияны жоқ. Бұл әдіспен тәулігіне 50 тонна балмұздақ өндіруге болады екен. Жаңа жоба "ҚДБ-Лизинг" лизингтік арқылы қаржыландырылды. -Жаңа өндірістік желіні іске қосу - бұл Қазақстан нарығындағы көшбасшылықты нығайта түсуге және экспорттық нарықты белсенді игеруге көмектесетін сапалы өсу жолындағы кезең болмақ. Ал тұтынушылар дүниежүзілік стандартпен дайныдалған балмұздақтың ерекше жаңа дәмдерін татып көре алады, - деді компания президенті және негізін қалаушы Андрей Шин.  

Серіктес жаңалықтары