Түрмеде жазықсыз отырған азамат өтемақы алды

Түрмеде жазықсыз отырған азамат өтемақы алды

Түрмеде жазықсыз отырған азамат өтемақы алды
ашық дереккөзі
Қаржы министрлігі жалған кәсіпкерлік жасады деген айыппен жазықсыз алты жылға сотталған Қарағанды тұрғыны Михаил Ешуткинге алты миллион теңге өндіріп берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Ол сот тыңдалымы мен тергеу мерзімін қосқанда, үш жарым жыл темір тордың ар жағында отырып шыққан. Михаил Ешуткин ірі көлемдегі ақшаны иемдену мақсатында жалған мәміле жасады және жалған кәсіпорын құрды деген күдікке іліккен. Сот Ешуткинді алты жылға бас бостандығынан айырған. Оның адвокаты Игорь, апелляциялық шағым түсірсе де, үкім өзгеріссіз қалады. Бірақ Жоғарғы сот үкімнің күшін жойып, қылмыстық істің материалдарын департаментке жолдайды. Нәтижесінде, тергеу органы қателескенін түсініп, тергеуді тоқтатады. Ешуткинді босатады. Кейін Президенттің Жарлығымен департамент қайта құрылып, штат қысқарады. Қарағанды қаласы №2 Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Михаил Ешуткин мен оның адвокаты сотқа талап арыз түсіреді. Оның жауапкері Қаржы министрлігі мен оның Қарағандыдағы бөлімшесі - мемлекеттік кірістер департаменті болды. «Талапкер моральдық шығын өтемақасы ретінде 15 миллион теңге мен материалдық шығын ретінде 6 миллион 24 мың 396 теңге сұраған. Оның шағымы жартылай қанағаттандырылды. Сот жауапкерден 2 миллион теңге моральдық залал, 3 миллион 552 мың 860 теңге материалдық шығын, 500 мың теңге - заң өкілінің қызметі үшін және БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемін аудару үшін 181 мың 500 теңге өндіру үкімін шығарды», - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметінде. Ер адам моральдық өтемақының сомасымен келіспейтіндігін алға тартып, жазықсыз 3 жылдан астам уақыт түрмеде отырғаны үшін 15 миллион теңге сұрап отыр. Бұдан бөлек, жауапкер өз кінәсін мойындамайтындығын мәлімдеді. Себебі, олар қаржы полициясының сол кездегі жауапты тұлғасы өзінің кәсібисіздігі үшін жеке жауап беруі тиіс деп отыр.