Елімізде пәтер құны арзандай бастады

Елімізде пәтер құны арзандай бастады

Елімізде пәтер құны арзандай бастады
ашық дереккөзі
320

Қазақстандық тұрғын үй нарығында пәтерлер бағасы арзандай бастады. Бұл туралы krisha.kz хабарлады. Порталдың таратқан ақпаратқа сүйенсек, елімізде абаттандырылған тұрғын үйлердегі пәтерлердің бағасы орта есеппен 0,5 пайызға, ал абаттандырылмаған тұрғын үйлердің пәтерлері 0,4 пайызға арзандаған. Қазір абаттандырылған тұрғын үйлердегі пәтерлерді қайта сатуда әр шаршы метр орташа есеппен 173 345 теңгеге бағаланып отыр, ал абаттандырылмаған тұрғын үйлердегі пәтерлердің бағасы әр шаршы метрі үшін – 100 659 теңге. Бұл өткен аймен салыстырғанда едәуір арзан. Наурыз айында пәтерлердің шаршы метрі 174 184 және 101 086 теңгеден сатылған болатын. Тағы бір айта кетерлік жайт, жаңа салынған үйлердегі пәтерлердің де бағасы түсті. Бір айдың ішінде орташа баға 0,2 пайызға, яғни әр шаршы метр 225 084 теңгеге дейін төмендеді. Өкінішке қарай, оатндық тұрғын үй нарығында баспананы жалға алудың орташа бағасы күннен күнге шарықтап барады. «Крышаның» хабарлауынша, жалға берілетін пәтерлердің орташа бағасы сәуір айында 0,5 пайызға көтерілген. ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметтеріне жүгінсек, жалға берілетін пәтерлердің әрбір шаршы метрінің бағасы 1 259 теңгеге жетіп отыр.

Серіктес жаңалықтары