Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Алматыдағы зертхана жұмысын тоқтатты

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Алматыдағы зертхана жұмысын тоқтатты

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Алматыдағы зертхана жұмысын тоқтатты
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Алматыдағы зертхана жұмысын тоқтатты. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (ДДҚА) Алматы (Қазақстан) және Блумфонтейн (ОАР) қалаларындағы зертханаларды аккритацияларынан айырды. Оған зерттеу орталықтарының халықаралық стандарттарға және техникалық құжаттарға сәйкес келмеуі себеп болды. Бұл туралы ДДҚА-ның ресми сайтында хабарланды. Зертханалар жұмысын тоқтату туралы ДДҚА шешімі  29 маусымда шығарылған және ол 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді. Осы кезең ішінде ұйым ДДҚА талдауларын жүргізуге құқығы жоқ. ДДҚА-ның шешіміне қарсы болған орталықтар Спорттық арбитражды сотына (CAS) 21 күн ішінде шағымдана алады, деп жазады sports.kz