Өзбекстанда жаңа маусымда оқу ақысы көтерілмейді

Өзбекстанда жаңа маусымда оқу ақысы көтерілмейді

Өзбекстанда жаңа маусымда оқу ақысы көтерілмейді
ашық дереккөзі
Президент Шавкат Мирзияевтің 23 маусымдағы қаулысына сәйкес, 2017/2018 оқу жылында бакалавр және магистратурағы ақылы бөлімдерде оқу ақысы көтерілмейді. Жарлыққа сәйкес, қаржы министрлігі мен білім министрлігі жоғарғы оқу орындарында ақылы білім беру бағасын жаңа оқу жылында өзгертпейді. Жыл сайын Өзбекстанда тамыз айының соңында тест нәтижелері жарияланған соң, оқу ақысы қымбаттай бастайды. Өткен жылы Өзбекстанда оқу бағасы 15 пайызға қымбаттаған. Мысалы, сұранысқа ие факультеттердің бірінде оқу бағасы шамамен 10 миллион сум ("қара базардағы" бағам бойынша 10 мың доллардан астам) болды. "Өткен жылғы 10 миллион сум мен биылғы 10 миллион сумның арасында айырмашылық бар. Инфляция өсіп барады", - деді үкімет шенеунігі.