Астанада жоғалған зергерлік бұйымды тауып, иесіне қайтарып берген полицей марапатталды, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі. Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығы аумағында қызметін атқарып жүрген Рамиз Сафиуллаев қомақты қаражатқа түбіртегі мен сертификаты бар зергерлік бұйым тауып алған. Полиция асыл бұйымның иесі кім екенін анықтады: Қытай азаматшасы алтын білезік сатып алып, абайсызда жоғалтып алған екен. Астана ІІД басшысы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ЭКСПО аумағындағы аудандық полиция бөлімшесінде жеке құрам алдында полиция капитаны Рамиз Сафиуллаевты бағалы сыйлық – атаулы сағатпен марапаттады.
Жүктелуде...